$ 519.55  596.03  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Каспийде ядролық сүңгуір қайық табылды деген ақпарат тарады (ВИДЕО)

Каспийден табылды делінген сүңгуір қайық туралы видео жарияланды

Каспийде ядролық сүңгуір қайық табылды деген ақпарат тарады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Каспий теңізінде сүңгуір қайық табылды деген бейнеролик Instagram-дағы пабликтер арқылы кеңінен таралып жатыр. Алайда мамандар бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ВИДЕОДА НЕ КӨРСЕТІЛГЕН?

Видеода тот басқан ұзын темір құрылым көрсетілген. Оның пішіні сүңгуір қайыққа ұқсайтын болғанымен, мамандар бұл – бұрынғы ескі кеменің сынығы екенін алға тартып отыр.

МАМАН ПІКІРІ: БҰЛ – СҮҢГУІР ҚАЙЫҚ ЕМЕС

Түпқараған аудандық балық инспекциясы басқармасының жетекшісі Қонарбай Базарбаев Lada.kz порталына берген түсініктемесінде бұл ақпаратты жоққа шығарды:

«Бұл – ешқандай ядролық сүңгуір қайық емес. Бейнежазбада көрсетілгені – ескі кемелердің сынығы. Біз Каспийдің солтүстік бөлігін үнемі патрульдеп жүреміз. Су деңгейінің төмендеуіне байланысты бұрын 5-7 метр тереңдікте жатқан сынықтар қазір 3 метрге дейін көрініп тұр. Сондықтан теңіз жағасында мұндай кемелердің қалдықтары жиі көзге түседі», – деді Қонарбай Базарбаев.

МҰНДАЙ ЖАҒДАЙ БҰРЫН ДА БОЛҒАН

Аталмыш басылым мәліметінше, бұл – Каспийде «батып кеткен кеме» немесе «белгісіз нысан» табылды деген алғашқы жағдай емес. Бұған дейін де Каспийдегі су астындағы кеме туралы хабарланған. Көпшілік ол кемені сыртқы түріне байланысты «елес кеме» деп атаған.

Серіктес жаңалықтары