$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бекболат Тілеухан тойда ән айтып, бір үйір жылқы алып кетті (ВИДЕО)

Тойға жиналғандар оған сыйлықтарын атады

Бекболат Тілеухан тойда ән айтып, бір үйір жылқы алып кетті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Экс-депутат, дәстүрлі әнші Бекболат Тілеухан тойлардың бірінде домбырамен өнер көрсетіп, бір үйір жылқы алып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ЖЫЛҚЫ МЕН ТЕМІР ТҰЛПАР АЛЫП КЕТТІ

Видеоға көңіл бөлсек, Бекболат Тілеухан бірнеше дәстүрлі ән орындаған. Тойға жиналғандар дастарханнан тұрып, әрқайсысы сыйлықтарын атады.

«Атақты жырау Бекболат Тілеуханды сағынып қалған ел тойда қолқа салып, поппури айтқызды. Өнеріне тәнті болған жандар 15 жылқы, 1 боталы түйе, 1 темір тұлпар атады», - деп жазды видео авторы.

БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН КӨРІНБЕЙ КЕТТІ

Айта кетейік, Бекболат Тілеухан соңғы уақытта ел назарынан тыс қалды. Соңғы рет желідегі парақшасында марқұм жазушы Мұхтар Мағауинге арнап естелік жазған.

Сол сияқты өткен жылдың күзінде Бекболат Тілеуханов пен Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың Көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында бірге жүрген видеосы тарағаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары