09.09.2024, 11:20
Оқиғалар
Бекболат Тілеухан мен Елдос Сметовтің стадиондағы видеосы тарады (ВИДЕО)
Бұрынғы мәжілісмен Көшпенділер ойындарында бас көрсеткен
Фото: скриншот
Желіде Бекболат Тілеуханов пен Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың Көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында бірге жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұрынғы мәжілісмен Бекболат Тілеуханов қаңтар оқиғаларынан кейін қазақ қоғамына мүлде көрінбей кеткен болатын. Қазір ол Стамбұлда Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоғанның орынбасары болып отыр.
Еске салайық, 2004 жылдан бастап Мәжіліс депутаты болған Бекболат Тілеуханов 2021 жылы желтоқсанда мандатын тапсырды. Ол Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы, Мәдениет және қоғамдық келісім вице-министрі сияқты маңызды қызметтерді атқарған.
Көп оқылған
07.11.2026, 11:43
Алматыда Меладзенің концертінде жанжал шығарған 3 әйел қамалды (ВИДЕО)
07.11.2026, 06:23
Семейде жолаушылар автобусы өртке оранды (ВИДЕО)
07.11.2026, 12:07
Павлодарлық оқушының грантына Гарвард университеті араласты: Айханым Оқасова оқуға түсті ме, жоқ па
07.11.2026, 14:13
Шымкентте өзенге қоқыс жәшігін лақтырған тұрғын ұсталды
07.11.2026, 21:19
Кешкі серуен қайғылы аяқталды: Toyota Camry екі адамды қағып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды