$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мектептер жабылып жатыр»: Ләйлә Сұлтанқызы Қазақстанда бала аз туып жатыр деп дабыл қақты

Ол статистиканы мысалға алды

«Мектептер жабылып жатыр»: Ләйлә Сұлтанқызы Қазақстанда бала аз туып жатыр деп дабыл қақты
Фото: instagram.com/sultankyzy

Журналист Ләйлә Сұлтанқызы бала туу көрсеткішінің 14%-ға төмендеуіне алаңдап отыр. білдірді. Әлеуметтік желі қолданушылары болса бұның себебін қаржылық қиындықтармен байланыстырып отыр, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қазақстанда 2024 жылдың алғашқы үш айындағы бала туу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға төмендегенін кеше жазған едік. Бұл – соңғы он жылдағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Осыған алаңдаған журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бұл мәселені қоғамның талқылауына шығарды.

«Былтыр алғашқы 3 ай мен биыл 3 айды салыстырсақ, туу көрсеткіші 14%-ға төмендеді. Мұндай төмен көрсеткіш соңғы рет 2014 жылы тіркелген. Ары қарай осылай жалғаса берсе, не боларын кім білсін?» - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Журналист өз жазбасында қазіргі таңда көптеген жастардың саналы түрде балалы болудан бас тартып жатқанын атап өтті. Бұл үрдіс жылдан-жылға күшейіп келеді.

«Әке, ана болудан неге саналы түрде бас тартады? Тек қаржылық қиындық па? Әй, қайдам, олай емес-ау», – дейді Сұлтанқызы.

Пікір қалдырған әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі бұл жағдайды қаржылық тұрақсыздықпен, тұрғын үй мәселесімен және ер адамдардың жауапкершілік алмауымен байланыстырды.

«Өзім отыздамын. Бірақ бала туғым келмейді. Кредит, ипотека деп өзімді зорға асырап жүрмін. Қазір үйірмесі, тіл курстары, қажеттіліктері бар, бала туу көп ақшаны талап етеді. Қазір ер адамдар жауапкершілікті сезінбейді. Әйелдер қашанғы бәрін сүйрей береді. Пәтер жалдап жүріп, бала туу қиын», - деп жазды желі қолданушылары.

Ләйлә Сұлтанқызы шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, бала туу деңгейінің төмендеуі – ұзақ мерзімді демографиялық және әлеуметтік мәселелерге әкелуі мүмкін екенін ескертті.

«Бала туу көрсеткішінің күрт төмендеуінен кей елдерде балабақша, мектептер жабылып жатыр. Бізге де сондай қауіп төнбей ме екен?» – дейді ол.

Серіктес жаңалықтары