$ 506.21  568.42  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Тарбағатай» паркінің қызметкерлері жалған дипломмен жұмыс істеген

Олардың кейбірі ұлттық парк жүйесінде 10 жылдан астам уақыт еңбек еткен

«Тарбағатай» паркінің қызметкерлері жалған дипломмен жұмыс істеген
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Абай облысында «Тарбағатай» паркінің қызметкерлері жалған дипломмен жұмыс істегені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үржар ауданының прокуратурасы 15 инспектордың жоғары білім туралы жалған диплом негізінде «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-не жұмысқа орналасқанын анықтады.

Олардың кейбірі ұлттық парк жүйесінде 10 жылдан астам уақыт еңбек еткен.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Прокуратура көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 40 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделгенін ескертеді», - делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары