$ 506.21  568.42  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада құны 900 млн теңге тұратын қоқыс өңдейтін полигон мемлекетке қайтарылды

Полигон кәсіпкерге шарт негізінде 15 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілген

Қызылордада құны 900 млн теңге тұратын қоқыс өңдейтін полигон мемлекетке қайтарылды
Фото: istockphoto.com

Қызылорда қаласында құны 900 млн теңге тұратын қоқыс өңдейтін полигон мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық прокуратура мәліметінше, әкімдік тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін полигон кәсіпкерге шарт негізінде 15 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берген.

Дегенмен, сенімгерлік басқарушы есеп тапсыру, тапқан пайдасының елу пайызын сыйақы ретінде және таза кірісінің бөлігін мемлекетке төлеу жөнінде шарт міндеттемелерін орындамаған.

Ал әкімдік бұл міндеттемелердің орындалуына бақылау жасамаған.

«Қадағалау актісінің нәтижесімен құны 700 млн теңгені құрайтын тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін полигон және 326 га көлемінде, құны 210 млн теңгені құрайтын 16 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары