$ 510.59  578.91  6.37
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда 2008 жылғы жігіт есірткі таратып жүрген жерінен ұсталды

Жас жігіттен 25 бума есірткі табылды

Атырауда 2008 жылғы жігіт есірткі таратып жүрген жерінен ұсталды
Фото: Атырау облысының Полиция департаменті

Атырауда есірткі таратып жүрген кәмелетке толмаған өзге облыс тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қала аумағындағы көшелердің бірінде есірткі заттарын таратумен айналысқан 17 жастағы кәмелетке толмаған Қызылорда тұрғынын ұстады.

Жеке тінту кезінде күдіктіден әрқайсысы 1 граммды құрайтын ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған қара изолентаға оралған 25 бума тәркіленді. Алынған заттар салмағы 24,7 грамм болатын «Альфа-PVP» синтетикалық есірткі заты екені анықталды. Қазіргі уақытта жасөспірім сот қаулысымен тергеу изоляторына қамауға алынды.

«Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 297 – бабы 3 – бөлігі 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары