$ 514.5  582.67  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысында бір аптада ондаған мас жүргізуші ұсталды

7 күн ішінде медициналық айықтырғышқа 589 адам орналастырылды

Қостанай облысында бір аптада ондаған мас жүргізуші ұсталды
Фото: freepik.com

Қостанай облысында бір аптаның ішінде ондаған мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қостанай облысы ПД мәліметінше, 28 сәуір мен 4 мамыр аралығында облыста жедел жағдайдың қалай қалыптасқанын мәлім етті.

Өткен аптада полицейлер жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін 3247 рет бұзғанын анықтады, оның ішінде көлікті мас күйінде басқарған 32 жүргізушіні ұстады.

«7 күн ішінде медициналық айықтырғышқа 589 адам орналастырылды. Бейнебақылау камераларының көмегімен 1040 құқық бұзушылық анықталды.

Ведомствода тұрғындарды құқық бұзушылыққа төзбеушілікке және барлық фактілер туралы полицияға 102 нөмірі бойынша хабарлауға шақырады», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары