$ 510.58  571.8  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда алдағы күндері тағы да үсік жүреді: ауа температурасы 0 градустан төмендейді

Синоптиктер алдағы күндерге болжам жасады

Қазақстанда алдағы күндері тағы да үсік жүреді: ауа температурасы 0 градустан төмендейді
Фото: freepik.com

Қазақстанда алдағы күндері тағы да үсік жүреді, ауа температурасы 0 градустан төмендейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағына жаңбыр мен найзағай алып келген циклон ел аумағынан тез арада кетеді. Оның орнына батыстан антициклон кіріп, алдымен еліміздің батысында, кейін солтүстігі, шығысы мен орталығында жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне алып келеді.

«29-30 сәуірде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, ал 30 сәуір мен 1 мамыр аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау мен Абай облыстарында түнгі уақытта ауа температурасы нөлден төмен көрсеткіштерге дейін төмендейді», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары