$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында су басу қаупіне байланысты тұрғындар үйлерін уақытша тастап шықты

Үйлердің ауласына су кіре бастаған

Абай облысында су басу қаупіне байланысты тұрғындар үйлерін уақытша тастап шықты
Фото: © istockphoto.com

Абай облысының Бородулиха ауданына қарасты Қызылжар ауылында өзендегі мұз кептелісінің салдарынан су деңгейі көтеріліп, бір көшедегі үйлердің ауласына су кіре бастаған. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. .

«5 сәуір кешкісін тұрғындар алдын ала қауіпсіздік мақсатында үйлерінен шығып кеткен. 26 адам уақытша ауыл мектебіне орналастырылды. Мал-мүлікті қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілді. Оқиға орнына 123 адам, 39 техника, соның ішінде үш қайық тартылды. Қазір мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

6 сәуір күні облыс әкімі Берік Уәли оқиға орнына барып, тікұшақпен өзен арнасын бақылап, жедел штаб отырысын өткізді. Аудан әкімі мен ТЖД басшылары ауылдың 30-ға жуық ауласына су кіргенін хабарлады. Жағдай бақылауға алынған.

«Қызылжар – жыл сайын су басу қаупі туындайтын ауылдардың бірі. Бұл мәселе менің тікелей бақылауымда. Мұз жару жұмыстарын бүгін кешке дейін аяқтау керек», – деді Берік Уәли.

Серіктес жаңалықтары