06.04.2025, 14:24
Жаңалықтар
Қазақстанда сұйытылған газды шетелге шығаруға тыйым салынбақ
Тыйым 2025 жылғы 14 мамырдан бастап күшіне енбек
Фото: © istockphoto.com
Қазақстанда 2025 жылдың мамыр айынан бастап сұйытылған газ, пропан және бутанды ел аумағынан шығаруға алты айға тыйым салу жоспарлануда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Энергетика министрлігі әзірлеген «Сұйытылған мұнай газын тасымалдауға байланысты кейбір мәселелер туралы» бұйрық жобасына сәйкес, келесі өнім түрлерін автомобиль және теміржол көлігімен экспорттауға уақытша шектеу енгізілмек: сұйытылған мұнай газы, пропан, бутан.
Тыйым 2025 жылғы 14 мамырдан бастап күшіне еніп, алты айға созылады. Бұл шара ел ішіндегі сұйытылған газдың тапшылығын болдырмау және ішкі нарықты қамтамасыз ету мақсатында қабылдануда. Аталған бұйрық жобасы 2025 жылдың 21 сәуіріне дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді