$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қыз зорлады деген күдікке ілінген блогер 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ол қарызын қайтара алмаған әйелдерден интимдік қатынас талап еткен

Қыз зорлады деген күдікке ілінген блогер 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фото: © istockphoto.com

Арқалық қаласында 35 жастағы ер адам зорлау және сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Қостанай облыстық полиция департаменті Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Полицияның мәліметінше, күдікті – әлеуметтік желілерде танымал блогер. Жедел-іздестіру шаралары барысында ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Алдын ала ақпарат бойынша, ер адам бірнеше әйелге қарызға ақша беріп, олар қарызын қайтара алмаған жағдайда интимдік қатынас талап еткен. Жәбірленушілер келісуден бас тартқан кезде, ол күш қолданып, зорлық әрекеттеріне барған.

«Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Кәмелетке толмағандар арасында жәбірленушілер жоқ», – делінген полиция таратқан хабарламада.

Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Құқық қорғау органдарының айтуынша, ер адамға бірнеше рет жасалған қылмыс бойынша 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Қосымша мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары