24.03.2025, 17:44
Жаңалықтар
Қостанай облысында 18 гидротехникалық нысан жөнделді
Су тасқынына қарсы қандай шаралар атқарылды?
Фото: министрліктің баспасөз қызметі
Қостанай облысында көктемгі су тасқынының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында 18 гидротехникалық нысан жөнделді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Ирригация және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Су тасқынына қарсы мынандай шаралар атқарылды: 21 елді мекенде қорғаныс бөгеттері салынды; дамба құрылыстары 9 ауданда және Рудный қаласында аяқталды; Жангелдин ауданына қарасты Шеген, Сарысу және Тауыш ауылдарында жұмыстар соңына жақындап қалды.
Сонымен қатар Тобыл-Торғай су бассейні инспекциясы ірі су қоймаларының жұмыс кестесін бекітті. Облыс аумағындағы гидротехникалық нысандар тәулік бойы бақылауда.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды