$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлу қызметінен уақытша шеттетілді

Бұл шешім тергеу жұмыстарына байланысты қабылданған

Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлу қызметінен уақытша шеттетілді
Фото: Getty Images / Burak Kara

Түркияның Ішкі істер министрлігі Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлуды қызметінен уақытша шеттету туралы шешім қабылдады. Бұл шешім саясаткерге қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына байланысты қабылданған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy DW басылымына сілтеме жасап.

Оппозициялық саясаткер жемқорлық жасады және Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясын қолдады деп айыпталуда. Қазіргі уақытта ол қамауда. Онымен бірге екі аудан әкімі де қызметінен босатылды.

Имамоғлудың отставкасы халық арасында үлкен резонанс туғызды. Ыстамбұл орталығында мыңдаған адам наразылық акциясына шықты. Құқық қорғау органдары шерушілерді тарату үшін күш қолданды, 66 адам ұсталып, 5 полиция қызметкері жарақат алды.

Халықтық-республикалық партия (ХРП) оны президенттік сайлауға кандидат ретінде ресми түрде ұсынды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Түркия #Ыстамбұл