«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)

TikTok-та қоғамдық тәртіпті бұзған Шымкент тұрғыны қамауға алынды

«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Шымкентте ер адам жуырда суға кетіп, қаза тапқан сарбаздардың рухына тіл тигізген Шымкент қаласының тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok желісінде бейәдеп сөздер айтқан ер адамның видеосы анықтады.

«Эфир барысында Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғыны Нұрахмет Бердібай көрерменнің қаралы күнге қатысты сұрағына жауап бере отырып, қоғамға құрметсіздік танытатын сипаттағы сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Онымен бірге тікелей эфирге 22 жастағы Абзал Мусурманқұл және Бақдәулет Мустафа қатысқан. Сот шешімімен Нұрахмет Бердібай 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», – делінген ІІМ хабарламасында.

Сонымен қатар үш азаматқа да қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермеу туралы ресми ескерту беріліп, үшеуі де ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне бір ай мерзімге қойылды.