24.03.2025, 17:15
Жаңалықтар
«Семей» футзал клубы Қазақстан кубогының иегері атанды
Команда бірінші таймның өзінде үш гол соқты
Фото: instagram / futsalkazakhstan
«Семей» футзал клубы «Қайратты» финалда 3:0 есебімен жеңіп, 2024/25 маусымындағы Қазақстан кубогын иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Futsalkazakhstan-ға сілтеме жасап.
Финалдық ойын барысында «Семей» бірінші таймның өзінде үш гол соғып, айқын басымдыққа ие болды. Екінші таймда да команда ойын тізгінін уысынан шығармай, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды.
Финалдың ең үздік ойыншысы Кайо Торрес атанды. Ол екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, жеңімпаз команданың құрамындағы Дедезиньо да бір голдың авторы атанды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды