Түркістан облысында құны 200 млрд теңгеден асатын мақта-тоқыма кластері құрылады
Бұл өңір – Қазақстандағы жалғыз мақта өсіретін аймақ

Түркістан облысында құны 200 млрд теңгеден асатын мақта-тоқыма кластері іске қосылады. Бұл өңір – Қазақстандағы жалғыз мақта өсіретін аймақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба TURAN арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылады. ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен Xinjiang Lihua компаниясының басшысы Чжан Цихай инвестициялық жобаның іске асу барысын талқылады.
Кластер толық өндірістік циклды қамтиды – мақта өсіруден бастап дайын тоқыма өнімдерін шығаруға дейін. Жоба аясында 50 мың гектардан астам жерге мақта егілмек; 10 зауыт салу жоспарланған, оның ішінде 4 мақта өңдеу зауыты, 2 тамшылатып суару жүйесін өндіру кәсіпорны, 4 тоқыма фабрикасы(тігін және бояу-көркемдеу фабрикалары бар); 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады, оның 3 мыңы тұрақты жұмыс орындары болады.