$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көкшетауда полицейлер өрттен 8 жастағы бала мен оның әкесін құтқарды

Оқиға 23 наурыз күні болды

Көкшетауда полицейлер өрттен 8 жастағы бала мен оның әкесін құтқарды
Фото: polisia.kz

Көкшетауда полиция қызметкерлері өртеніп жатқан пәтерден 8 жасар бала мен оның әкесін аман алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқиға 23 наурыз күні Көкшетау қаласының «Юбилейный» ықшамауданында болған. Сағат 17:28-де бес қабатты тұрғын үйдегі пәтерден өрт шыққаны туралы 102 жедел арнасына хабарлама түсті.

Оқиға орнына бірінші болып учаскелік инспектордың көмекшісі Сағындық Құрмантаев жетті. Көршілер пәтердің есігін ашуға тырысқанымен, іштен дыбыс естілмеді. Бір тұрғын ішінде баласы мен немересі бар екенін айтып, бірақ кілтінің жоқтығын жеткізді.

Есік ашылған соң, полиция қызметкері бетіне дымқыл шүберек басып, түтінге толы пәтерге кірді. Ол алдымен ес-түссіз жатқан 8 жасар баланы тауып, оны қауіпсіз жерге шығарды. Содан кейін 1,5 метр қашықтықта жатқан ессіз ер адамды байқап, оны да далаға алып шықты.

Оған көмекке кинолог Артем Шмидт пен патрульдік полиция қызметкерлері келіп, жедел эвакуацияны жалғастырды. Өрт сөндірушілер уақытында жетіп, түтінді таратып, өрттің таралуына жол бермеді.

Құтқарылған ер адам мен бала жансақтау бөліміне жатқызылды, дәрігерлер олардың жағдайын бақылауда.

Серіктес жаңалықтары