Степногорскте жол апатынан төрт адам қаза тапты, екі бала ауыр халде жатыр
Тасжолда жеңіл көлік пен автобус соқтығысты

Ақмола облысында Степногорск – Заводской тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тапты. Екі бала ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
23 наурыз күні аталған тасжолда «ВАЗ» жеңіл көлігі мен «Yutong» автобусы соқтығысты. Салдарынан «ВАЗ» жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Көлікте болған екі бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларға жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Әсіресе, жылдамдық режимін бақылау, қарбалас жол бөліктерінде мұқият болу және көлік құралдарының техникалық жағдайын қадағалау маңызды.