$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Костенко шахтасындағы жарылыс: басшылық қарапайым қауіпсіздікті сақтамай келген бе

Жарылыстан 46 кенші опат болды

Костенко шахтасындағы жарылыс: басшылық қарапайым қауіпсіздікті сақтамай келген бе
Фото: freepik.com

Костенко шахтасындағы апатқа дейін кеніште үнемі өрт тұтанып тұрған. Ал оны кеншілердің өзі сөндіруі қалыпты дүнеге айналған. Осының бәрін білетін шахта директоры жер астын көмір шаңы мен метаннан тазартуды мүлдем қолға алмаған. Қарағандыда 46 кеншінің өмірін жалмаған жарылысқа қатысты басты сот процесінде осындай тың ақпараттар айтылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі КТК телеканалына сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеу мәліметінше, Костенко шахтасының директоры қарапайым қауіпсіздік ережелерін естен шығарған. Жер қыртыстарынан бөлінетін метан газы мен көмір шаңы әр жерден бір тұтанып тұрған. Оны кеншілер өз күшімен сөндіріп жүрген.

Сонымен қатар шахта астындағы жұмысқа жарамайтын құрылғыларды сатып алып, оны білікті мамандар емес, кеншілердің өзі орнатқан. Осылайша әр тиынды үнемдеп келіпті.

Ал көмір өндіру көлемі жоспардан асып кеткен. Сотта прокурорлар осындай ұзын-сонар заңбұзушылықты тізіп шықты.

Айта кетейік, 2023 жылдың 28 қазанында Костенко атындағы шахтада апат болды. Алдымен конвейерден шыққан ұшқыннан көмір шаңы тұтанып, оған метан газы араласып алапат жарылыс болды. Жарылыс күші алты шықырымға жайылған. Сол кезде шахтада болған 252 кеншінің 46-сы көз жұмды.

«Арты ауыр апатқа әкелетін жағдайдың барын, кеншілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндергенін білсе де, жоспарды орындау үшін №48 лавада жұмыс бір сәтке де тоқтатылмаған. Ол жерде өрт ара-тұра тіркеліп тұрған. Шахта директоры мен оған бағынышты басшылар қауіпсіздік шараларын сақтауға құлық танытпаған», - дейді мемлекеттік айыптаушы Әділ Садықов.

Серіктес жаңалықтары