13.03.2025, 23:52
Жаңалықтар
Әнші Дастан Оразбеков әйелімен бірге кезекті рет клип түсірді (ВИДЕО)
Дастан Оразбеков осыған дейін жұбайымен бірге бірнеше рет клипке түскен
Фото: Видеодан скрин
Танымал әнші Дастан Оразбеков кезекті рет әйелімен бірге клип түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші осыған дейін «Сенің бейнең» атты клиппен жұбайы Жанатты таныстырған болатын. Онда өзі суретші болып, жарының бейнесін салады.
Одан кейін «Сүйген жар» деп аталатын әнінде де жұбайы көрініс тапты. Бұл бейнебаянда әнші әйелімен бірге бір күндік жұмысын көрсетеді.
Ал енді «Қандай болсаң да» атты әніне кезекті рет жұбайымен бірге клипке түсті. Мұнда әнші бар сезімін сүйіктісіне арнап, қанша таңдау берілсе де әйелін таңдайтынын айтты.
Көп оқылған
23.07.2026, 13:15
Актриса Айым Сейітметова күйеуімен ажырасып жатқанын айтты
23.07.2026, 11:12
«Нұрлы жол» вокзалының төбесі ортасына түсті: ҚТЖ не дейді
23.07.2026, 16:12
Астанада нөсер жаңбыр көшелерді суға батырды: жүргізушілер көлік төбесіне шығуға мәжбүр болған (ВИДЕО)
23.07.2026, 20:03
Қазақстандықтарға «Әділет» партиясына қабылданғаны туралы SMS жаппай келе бастады: не болып жатыр?
23.07.2026, 13:58
Қазақстанда 100 дронды қатар басқаратын жүйе сынақтан өтті (ВИДЕО)