10.03.2025, 20:03
Жаңалықтар
Астанада қарлы боранға байланысты құтқарушылар үндеу жасады
Астанада соққан желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді

Фото: istockphoto.com
Астана қаласында 11 наурыз күні кей уақыттарда қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Осыған байланысты құтқарушылар үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с болуы мүмкін.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған орай, Астана қаласы ТЖД қатты жел және бұрқасын кезінде жарақат алмау үшін азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- «112» құтқару қызметінен ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту туралы SMS-хабарлама алған кезде оларға назар аударыңыз;
- Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты назарда ұстаңыз;
- Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шықпаңыз, жаяу жүрмеңіз;
- Қыс мезгілінде сақтық шараларын сақтаңыз;
- Жеке көлікпен жолға шықпаңыз. Егер қажет болса, қоғамдық көлікті пайдаланыңыз және маршрутыңызды алдын ала жоспарлаңыз;
- Көшеде абай болыңыз. Боран мен жел көрінуді қиындатуы мүмкін, жолдар тайғақ болады. Жылы киім, тайғақтан қорғайтын аяқ киім киіңіз;
- Жылыту жүйесін тексеріңіз. Үйіңізде жылыту дұрыс жұмыс істейтініне және отын жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз;
- Көшеде ұзақ тұрмаңыз – аяз бен жел үсік шалуға себеп болуы мүмкін.
- Төтенше жағдайлар туындаған кезде «101» және «112» нөміріне хабарласыңыздар!
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
06.10.2025, 09:30
Астанада талай сәбиді аман алып қалған жас дәрігер мезгілсіз көз жұмды
06.10.2025, 21:34
«Әкемнен бе?»: Қайрат Нұртастың қызы анасының кімнен жүкті болып қалғанын сұрады (ВИДЕО)
06.10.2025, 14:21
«Орны толмас ауыр қаза»: Тамара Асардың күйеуінің ұлы қайтыс болды