Астанада боранды күні жүздеген көлік соқтығысып қалды
Астана қаласынан барлық бағыттағы жолдар көлік қозғалысына сәйкес жабылды

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты бір күнде 100-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық полиция департаменті ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда аса сақ болуға шақырады.
«Жеке көлікпен жүру кезінде ауа райының нашарлауы және қозғалыс шектеулері (көктайғақ, қарлы боран және т.б.) туралы хабарламаларды ескеру қажет.
Кенеттен маневр жасаудан аулақ болу керек және алдыңғы көліктен әдеттегіден бір жарым-екі есе артық қашықтықты сақтау керек.
Астана қаласынан барлық бағыттағы жолдар көлік қозғалысына сәйкес жабылды. Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала сыртына шықпауды сұраймыз», - делінген хабарламада.
Жүргізушілерге де қар тазалау кезінде кедергі келтірмеу үшін көліктерін жол жиегінде қалдырмау керектігі ескертіледі.