$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымбұлақ әкімшілігі қар көшкінін тудырған туристерді іздестіріп жатыр

Курортта туристердің ережені бұзуынан қар көшкіні жүрген

Шымбұлақ әкімшілігі қар көшкінін тудырған туристерді іздестіріп жатыр
Фото: © istockphoto.com

Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортында туристердің ереже бұзуынан қар көшкіні жүріп, екі шаңғы трассасы жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқиға 10 наурыз күні таңғы 9:58-де Школьник тауында, Комби-2 аспалы жолы маңында болған. Курорттың жедел басқару орталығына қар көшкіні туралы хабар 10:02-де түскен. Құтқару қызметі дереу оқиға орнына барып, көшкін аймағын тексерген. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар анықталған жоқ.

«Қауіпті аймаққа шығып, көшкінге себеп болған үш шаңғышы іздестіріліп жатыр. Олардың ескерту белгілерін елемей, қоршауды бұзып өтіп, тыйым салынған аймаққа шыққаны анықталған. Қазіргі уақытта курорттың қауіпсіздік қызметі оларды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда барлық қауіпсіздік қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Комби-2 және Сол Талғар трассалары уақытша жабылды, ал Комби-2 аспалы жолы тек жаяу жүргіншілер үшін ғана жұмыс істейді.

«Ескерту белгілерін елемеу – тек өз өміріңізге ғана емес, айналадағы адамдардың өміріне де қауіп төндіруі мүмкін. Қауіпті аймақтардың жабылуы тек апаттардың алдын алу мақсатында жүргізіледі. Өзіңізді және өзгелерді сақтаңыз!» – делінген ресми хабарламада.

Серіктес жаңалықтары