10.03.2025, 18:20
Жаңалықтар
Астанада ер адам көшеде жаяу жүргіншіні пышақпен қудалаған (ВИДЕО)
Бұл сәт видеоға түсіп қалған
Фото: © istockphoto.com
Астанада белгісіз ер адамның көшеде өтіп бара жатқан адамды пышақпен қудалаған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 22:30 шамасында «Медициналық орталық» аялдамасы маңында болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада түнгі уақытта ер адамның екіншісін қуып бара жатқаны анық көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, қолында пышағы бар азамат көшеде жүргіншіні қорқытып, соңынан жүгірген.
Желі қолданушылары бұл оқиғаға түрлі пікір білдіріп, алаңдаушылық танытты: «Көктемгі мазасыздық басталды…», «Бұрын оңаша өмір сүру туралы ой ақылға қонымсыз көрінетін, ал қазір…», «Полиция бейнебақылау арқылы мұндай жағдайларды бақылауы керек емес пе?», «Елімізде не болып жатыр?» – деп жазды олар.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды