$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында діни радикалдар тобы ұсталды (ВИДЕО)

Олар экстремистік деп таныған аудио және видео материалдарды таратқан

Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратқан топ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдіктілер діни алауыздықты қоздыру және экстремистік материалдарды тарату бойынша айыпталып отыр.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктілердің радикалды діни көзқарас негізінде бірігіп, әлеуметтік желілерде өзге дін өкілдерін қорлайтын мәлімдемелер жасағаны анықталды. Сонымен қатар, олар халық арасында сот экстремистік деп таныған аудио және видео материалдарды таратқан», – деп хабарлады ІІМ.

Тінту барысында ұсталғандардың үйінен 20-дан астам діни кітап, есірткі заттары, заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілер тәркіленді. Топ жетекшілері сот шешімімен қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары