10.03.2025, 11:49
Жаңалықтар
Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бұл қалаларда желсіз ауа райы, тұман болады
Фото: © istockphoto.com
10 наурызда Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Атырау, Ақтөбе және Ақтау қалаларында ауа сапасының нашарлауы болжанып отыр.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл желсіз ауа райы, тұман, температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі. Олар зиянды заттардың атмосферада шоғырлануына әкеліп, ауа сапасының нашарлауына себеп болуы мүмкін.
Мамандар тұрғындарға ауа сапасына байланысты ескертулерді қадағалауды және денсаулықтарын қорғау шараларын қабылдауды ұсынады.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)