10.03.2025, 10:36
Жаңалықтар
ШҚО-да қар құрсауында қалған төрт адам құтқарылды
оның ішінде екі бала жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді
Фото: © istockphoto.com
Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қар құрсауында қалған төрт адамды құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Мақаәкөл – Қарой тасжолының 35-шақырымында, Қарой ауылы маңында болды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жеңіл көлік жол жиегіне шығып кеткен.
«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар төрт адамды, оның ішінде екі баланы, жақын маңдағы елді мекенге жеткізді. Зардап шеккендер медициналық көмекті қажет етпеді», – деп мәлімдеді ТЖМ қызметкерлері.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға алыс сапарға шықпас бұрын ауа райы болжамын қадағалап, өздерімен бірге қажетті заттарды алуға кеңес береді.
Көп оқылған
10.04.2026, 15:38
Алматы облысында 15 жастағы қыз баланы 8 ер адам екі ай бойы зорлаған: екі күдікті ұсталды
10.04.2026, 17:30
«Тапқанымыздан жоғалтқанымыз көп»: Ақан Оңғарұлы археология саласының біз білмейтін қырлары туралы айтты
10.04.2026, 10:48
Қызылорда облысының тұрғыны бір түйе үшін бес жылға сотталып кетті
10.04.2026, 13:59
Тоқаев өлген адамның ағзасын 24 сағат бойы «тірі» ұстап тұратын құрылғы бар екенін айтты
10.04.2026, 13:12
«Әдейі ерте айтып отырмын»: Тоқаев Құрылтай сайлауы тамыз айында өтетінін хабарлады
10.04.2026, 11:30
Қазақстанда алдағы демалыс күндері қар жауады