$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны Нью-Йорк төрінде көрсетілді

Оның АҚШ-тағы әншінің жанкүйерлері ұйымдастырды

Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны Нью-Йорк төрінде көрсетілді
Фото: Dimashnews.com

Нью-Йоркте Димаш Құдайбергеннің «Love’s not over yet» атты жаңа әні Times Square алаңында көрсетілді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Dimashnews сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оны АҚШ-тағы жанкүйерлер – US Dears тобы ұйымдастырды.

Бейнебаян төрт экранда үш орында, соның ішінде қос экраны бар бір алаңда көрсетілді. Орналасқан жері – Таймс-сквердің жоғары жағында орналасқан метро станциясының жанында. Оны өтіп бара жатқан көптеген адам көрді.

Экраннан көрсетілер алдында жанкүйерлер жалға алынған залда бейнебаянның тұсаукесері үшін арнайы жиналды. Қонақтар арасында қазақстандық БАҚ өкілдері де болды.

Айта кетейік, осыған дейін әйгілі Майкл Джексон Димаш Құдайбергеннің туған күніне ерекше «сыйлық» жасағаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары