09.03.2025, 04:15
Жаңалықтар
Белгілі айтыскер ақын Шолпан Қыдырниязова өмірден өтті
Қаралы хабарды БҚО Халық шығармашылығы орталығы жариялады
Фото: Instagram/ohsho.bko
«Құрмет» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, айтыскер ақын, қоғам қайраткері, қарымды қаламгер Шолпан Қыдырниязова өмірден өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаралы хабарды БҚО Халық шығармашылығы орталығы жариялады.
Шолпан Қыдырниязова 1949 жылы 6 мамырда Қаратөбе ауданы Қаракөл аулында дүниеге келген. Ол 1956-1966 жылдар аралығында Алакөл бастауыш, Мұхит атындағы Қаратөбе орта мектептерінде оқып, білім алған. Қаратөбе аудандық «Еңбек туы» газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс істейді.
- 1967-1971 жылдары А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтында оқып, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығын алды.
- 1971-1976 жылдарда Қаратөбе ауданы Шөптікөл сегізжылдық мектебінде мұғалім, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
- 1976-1983 жылдары «Еңбек туы» газетінде радиохабар ұйымдастырушы тілші, жауапты хатшы, 1983-1993 жылдары халық депутаттары аудандық кеңес атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, төраға орынбасары, аудан әкімі орынбасары міндеттерін атқарды, бірнеше дүркін аудандық кеңеске депутаттыққа сайланған.
- 2004-2008 жылдары жаңадан ашылған Батыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып қызмет етті.
Көп оқылған
29.06.2026, 10:54
«Қалжың деп ойлаған еді»: астаналық жас жұбайлар Threads арқылы танымайтын адамдарды тойына шақырды
29.06.2026, 13:32
«Военкоматтан келіп тұрмын»: жас жігіт әскерден қашамын деп Ақбұлақ өзеніне секіріп кетті (ВИДЕО)
29.06.2026, 10:35
Қазақстанда алдағы күндері 38 градус ыстық болады: үш күнге арналған болжам жарияланды
29.06.2026, 11:05
«Өз өмірім үшін қорқамын»: Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған Вероника Соколованың анасы дабыл қақты
29.06.2026, 09:26
«Тұман мен боранға қарсы»: бірқатар өңірдегі тасжолда жүргізушілерге бағдар беретін лазер орнатылды (ВИДЕО)
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды