$ 494.84  537.4  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның біраз өңірінде ауа райына байланысты тасжолдар жабылды

«ҚазАвтоЖол» осыған қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның біраз өңірінде ауа райына байланысты тасжолдар жабылды
Фото: istockphoto.com

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» ауа райын байланысты жабылған тасжолдарды тізбектеп шықты.

Қарағанды облысы:

2025 жылғы  8 наурыз сағат 22:30-де ауа райының бұзылуына байланысты  «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті»  788-906 шақырым,  Ұлытау облысы шекарасы учаскесі Топар ауылына дейін көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылады.

Ұлытау облысы:

2025 жылғы 8 наурыз сағат 22:30-де ауа райының бұзылуына байланысты  «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» 756-788 шақырым, Жаңаарқа а. уч. Қарағанды облысының шекарасына дейін көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылады.

Ақтөбе облысы:

«РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).

Қызылорда облысы:

«РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін). Жолды 2025 жылғы 9 наурыз сағат 20:00 ашу жоспарланған.

Абай облысы:

«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 615-768 шақырым аралығы (Аягөз қаласы – Жетісу облысының шекарасы).

«Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы» автожолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен а. бұрылысы «Алматы – Өскемен» автожолынан – Үржар а.).

Жетісу облысы:

«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 557-615 шақырым аралығы (Үшарал қ. – Абай облысының шекарасы). Жолды 2025 жылғы 9 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ауа райы #тасжол