Елордада Е319 көшесіндегі учаске 1 маусымға дейін жабылды
Онда жол-құрылыс жұмыстары жүргізіледі
Нұр-Сұлтанда Е319 көшесіндегі учаске 1 маусымға дейін жабылды. Жүргізушілерге маршрутын алдын ала жоспарлау ұсынылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жол желісін орташа жөндеу аясында E319 көшесінде – Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Family Village коттедж қалашығына кіретін учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осыған орай, 29 мамыр мен 1 маусым аралығында қозғалысты толықтай тоқтату жоспарланған.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген басқарма хабарламасында.