$ 502.89  527.03  5.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында боран: полицейлер мыңға жуық көлікті алып жүрді

Жолдарда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді

Ақтөбе облысында боран: полицейлер мыңға жуық көлікті алып жүрді
Фото: depositphotos.com

Ақтөбе облысында үшінші күн қатарынан боран соғып, жолдарда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді. Осыған байланысты полиция жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

ІІМ мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты полиция қызметкерлері шамамен мыңға жуық көлікті қауіпсіз бағытта алып жүрді.

«Ауа райының қолайсыздығы салдарынан патрульдік полиция қызметкерлері жолдағы тәртіпті қадағалап, шамамен мыңға жуық автокөлікті алып жүрді. Жүргізушілерден жолда мұқият болуды, көліктің техникалық жағдайын тексеруді және ауа райы тұрақтанғанға дейін алыс жолға шықпауды сұраймыз», — делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Құзырлы органдар жүргізушілерге алыс сапарға шығар алдында ауа райы болжамын мұқият қадағалауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласуды ұсынады.

Серіктес жаңалықтары