$ 502.89  527.03  5.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ауасы өте лас, аса жайлы емес»: шахматтан әлем чемпионы Алматы туралы пікір білдірді

Бірақ ол Алматы маңындағы табиғатты жоғары бағалады

«Ауасы өте лас, аса жайлы емес»: шахматтан әлем чемпионы Алматы туралы пікір білдірді
Фото: видеодан скриншот

Шахматтан әлем чемпионы Магнус Карлсен танымал подкастер Джо Роганға берген сұхбатында Алматыда өткен шахмат чемпионаты туралы пікірін бөлісті. Ол қаладағы экологиялық жағдайға көңілі толмағанын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Карлсен Алматыны қыс мезгілінде ауасы ластанған әрі жайсыз қала деп атады.

«Шахматтан әлем чемпионаттары көбіне ерекше жерлерде өтеді. Бұл чемпионат Алматыда өтті. Ал бұл қала, кем дегенде қыста, өте ластанған және жалпы аса жайлы емес», — деді норвегиялық шахматшы.

Алайда Карлсен Алматы маңындағы табиғатты жоғары бағалады. Оның айтуынша, қаладан бір сағаттық жерде қысқы демалысқа өте қолайлы тамаша таулы аймақ бар.

«Қаладан жарты сағаттық жерде Альпіге ұқсас керемет таулар бар. Олар 3,5 мың метр биіктікке дейін көтеріліп, таңғажайып көрініс сыйлайды. Қала орталығынан бір сағатта тау басына шығып, керемет шаңғы демалысын өткізуге болады», – деп атап өтті Карлсен.

Дегенмен, әлем чемпионы қаладағы жағдайға наразы екенін жасырмады.

«Алматының төменгі бөлігінде, қала ішінде болу – мүлде мүмкін емес», — деп түйіндеді шахматшы.

Серіктес жаңалықтары