23.02.2025, 18:16
Жаңалықтар
Семейде 10 жастағы қызды көлік қағып кетті
Ол ауруханаға жеткізілді
Фото: © istockphoto.com
Семейде 10 жастағы қызды жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кетті. Мектеп оқушысы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Объектив Восток» басылымына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, Toyota маркалы автокөліктің 29 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін сақтамай, қыз баланы басып кеткен. Оқиға қаладағы Zeta дүкенінің маңында болған.
«Жүргізуші жолдағы қауіпсіздікке көз жеткізбестен, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 10 жастағы қызды қағып кеткен. Қыз бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады полиция департаментінің өкілдері.
Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді