$ 502.89  527.03  5.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда жол үстінде намаз оқыған тұрғын жазаланды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде тараған видеода азаматтың жол қозғалысына кедергі келтіріп, намаз оқығаны анық көрінеді

Алматыда жол үстінде намаз оқыған тұрғын жазаланды (ВИДЕО)
Фото: © istockphoto.com

Алматыда жолдың қақ ортасында намаз оқыған ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Әлеуметтік желілерде тараған видеода азаматтың көлігі артында тұрып, жол қозғалысына кедергі келтіріп, намаз оқығаны анық көрінеді. Полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның кім екені анықталып, онымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Алматы тұрғыны жол үстінде намаз оқып, қозғалысқа кедергі келтіргені анықталды. Жүргізілген тексеріс нәтижесінде 1992 жылы туған С. есімді азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген полиция хабарламасында.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жол үстінде намаз оқуға болмайтынын түсіндірген болатын.

Серіктес жаңалықтары