$ 502.89  527.03  5.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әнші Бүркіт кино түсіремін деп 160 мың доллардан айырылғанын айтты

Ол киноны ақша үшін түсірмеймін дейді

Әнші Бүркіт кино түсіремін деп 160 мың доллардан айырылғанын айтты
Фото: видеодан скриншот

Белгілі әнші Бүркіт (Айбек Жансейітов) кинематография саласында 160 мың доллар көлемінде қаржысынан айырылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Динара Сәтжанның «Late Night Show» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бағдарлама барысында Бүркіт комедия жанрын көрермендер жақсы қабылдайтынын, алайда өзі қорқынышты фильм түсіргенін жеткізді. «Неге дәл осы жанрды таңдадыңыз?» деген сұраққа әнші:

«Бір досым кино түсір деп көндірді. Мен бұл саладан хабарым жоқ екенін айттым. Ол кинематография маманы болғандықтан, үйрет дедім. Ақшалай ұтылғаныма өкінбеймін, бұл – үлкен тәжірибе болды», – деді Бүркіт.

Әншінің айтуынша, алғашқы фильмдері сәтсіз болғанымен, үшінші фильмінен пайда тапқан.

«Үш адам болып түсірдік. Тапқан табысымызды 50 мың доллардан бөліп алдық. Бірақ мен киноны ақша үшін емес, жанымның қалауы үшін түсіремін. Бұл еңбектерім балаларым үшін естелік болсын деген ниетпен жасалған дүние», – деп қорытындылады Бүркіт.

Серіктес жаңалықтары