$ 522.49  547.88  5.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда намаз кезінде жол қозғалысы тоқтатылды: полиция мен ҚМДБ түсініктеме берді

ҚМДБ намаз үшін жолды жауып, басқа адамдарға кедергі жасауға болмайтынын ескертті

Атырауда намаз кезінде жол қозғалысы тоқтатылды: полиция мен ҚМДБ түсініктеме берді
Фото: © freepik.com

Атырауда жұма намазы кезінде жол қозғалысы уақытша тоқтатылып, қала тұрғындарының наразылығын тудырды. Көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер жол кептелісі пайда болып, жұмысқа кешіккендерін айтып шағымданды. Бұл туралы Atyrau online Telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қозғалыс жол апатына байланысты тоқтатылған және бұл шара көлік ағынын реттеу үшін қабылданған. Алайда, куәгерлер жол апатының қозғалысты шектейтіндей ауқымды болмағанын айтады», — деп жазылған хабарламада.

Оқиғаға байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да түсініктеме берді. Олар намаз үшін жолды жауып, басқа адамдарға кедергі жасауға болмайтынын ескертті.

«Құрметті жамағат! Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) жеті жерде намаз оқуға тыйым салған: қоқыс үйінділерінде, мал сою орындарында, қабірлер жанында, жолда, моншада, жануарлар су ішетін жерлерде және Қағбаның үстінде. Жолда намаз оқуға тыйым салу себебі — көлік қозғалысына кедергі келтірмеу. Басқа адамдарға зиян тигізіп, жолды жабуға болмайды», — делінген басқарма мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетсек, бұл оқиға елдегі алғашқы жағдай емес. Бір апта бұрын Алматыда жұма намазы кезінде мұсылмандар жолдың бір бөлігін жауып тастаған еді. Одан кейін Алматы қаласының Орталық мешіті жұма күндері мешітке сыймай қалып, көлік жүретін үлкен жолдардың үстінде намаз оқитын адамдарға қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Серіктес жаңалықтары