$ 522.49  547.88  5.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екібастұз тұрғыны палатада бірге жатқан зейнеткердің 13 млн теңгесін ұрлаған

Күдікті әйел зейнеткердің ұялы телефоны арқылы банк қосымшасына кіріп, ақшаны өзіне аударып алған

Екібастұз тұрғыны палатада бірге жатқан зейнеткердің 13 млн теңгесін ұрлаған
Фото: © istockphoto.com

Екібастұзда зейнеткердің банк шотынан 13 миллион теңге жоғалды. Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметінше, зейнеткер 28 қарашадан 2 желтоқсанға дейін инсульт бөлімшесінде ем алған. Ол жатқан палатада бірнеше пациент болған. Зерттеу барысында зейнеткердің ақшасын ұрлаған әйел анықталды.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, күдікті әйел зейнеткердің ұялы телефоны арқылы банк қосымшасына кіріп, оның шотынан ақша аударып алған.

«Әйел кінәсін мойындады. Ол бұл ұрлықты ешкім білмей қалады және өзіне күдік түспейді деп ойлаған. Оған қатысты «Каспи» банк қосымшасы арқылы жасалған ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген полиция департаментінің мәлімдемесінде.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция азаматтарға жеке заттары мен телефондарын мұқият сақтап, бөтен адамдарға құпия мәліметтерді сеніп тапсырмау керек екенін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары