15.12.2024, 13:24
Жаңалықтар
Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысы шектелді
Бұл шешім ауа райының нашарлауына байланысты қабылданды
Фото: © istockphoto.com
Бүгін, 15 желтоқсанда, ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар екі жолдың кейбір учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Шектеулер келесі учаскелерде енгізілді:
Түркістан облысында:
- 12:00-ден бастап Алматы – Ташкент – Термез республикалық автожолының 593-620 шақырымдары (Жамбыл облысының шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейін) учаскесінде жүк көліктерінің қозғалысы шектелді.
Жамбыл облысында:
- 17:00-ден бастап Алматы – Ташкент – Термез республикалық автожолының 534-593 шақырымдары (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.
«ҚазАвтоЖол» азаматтарды жол жағдайлары туралы мәліметті алдын ала тексеріп, алыс сапарларға шықпауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Көп оқылған
26.06.2026, 09:55
Павлодар облысында қалың қамыстың арасында аяғы сынып, екі күн дәрменсіз жатқан қария табылды (ВИДЕО)
26.06.2026, 16:12
«Ыстық бөлмеде қамап ұстап, ойыншық бермеген»: Тараздағы ерекше балалар орталығында дау шықты
26.06.2026, 11:06
Асхат Аймағамбетов: Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағын 100 пайыз инвестициялық компанияларға бере алады
26.06.2026, 09:44
Қазақстан азаматы 1,8 млрд теңге ұрлап, Қырғызстанға қашып кеткен