$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Челси» Дастан Сәтпаевқа айына 9 миллион теңге төлейді – БАҚ

Ол командаға 2026 жылы қосылады

«Челси» Дастан Сәтпаевқа айына 9 миллион теңге төлейді – БАҚ
Фото: kff.kz

16 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев әйгілі «Челси» футбол клубымен келісімшартқа отырды. Оның жалақысы айына 14 мың фунт стерлингті (шамамен 9 миллион теңге) құрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Sports.ru басылымының хабарлауынша, команда онымен бес жылдық келісімшартқа қол қойған, сондай-ақ оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар. БАҚ мәліметінше, Сәтпаевтың жалақысы 14 мың фунт стерлинг болады. Оның 12 мың фунты ата-анасының шотына аударылып, бұл қаражат футболшы 22 жасқа толғанға дейін бұғатталады.

Алматылық Дастан Сәтпаев 8 жасында «Қайрат» академиясына қабылданып, барлық дайындық кезеңінен өткен. Ал 2024 жылдың мамырында, 15 жасында, «Қайрат» клубының негізгі құрамында дебют жасаған ең жас ойыншы атанды. 

Айта кетсек, «Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев журналистерге берген сұхбатында Дастан Сәтпаев «Челсиге» 2026 жылы, яғни 18 жасқа толған соң ауысатынын айтты. Ал оған дейін жас футболшы «Қайрат» сапында өнер көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары