$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Челси» Алматыға жеке бапкер жіберіп, Дастан Сәтпаевты 18 жасына дейін дайындайды – Боранбаев

Ол «Челсиде» қаралымда жүргенінде бір матчта үш гол соққан

«Челси» Алматыға жеке бапкер жіберіп, Дастан Сәтпаевты 18 жасына дейін дайындайды – Боранбаев
Фото: instagram/d.satpayev

«Қайрат» футбол клубының президенті Қайрат Боранбаев футболшы Дастан Сәтпаевтың «Челсиде» қаралымда жүрген уақыты және келісімшарты туралы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Дастан ол жақта қаралымда жүргенде алдымен U-16, яғни құрдастарымен бірге жаттыққан. Кейін U-19-ға ауысқанын білеміз. Соңында U-21-де өнер көрсетті. Барлық деңгейде де өзін сенімді көрсете білді. Осыдан кейін ол бір матчта үш гол соқты. Меніңше, осыдан кейін олар жылдам қимылдай бастады.

Дастан әңгімесінің бірінде алаңға шыққанда командаластары өзіне пас бермегенін айтты. Бірақ ойында әдемі ашылып, жақсы пас берген соң бірден гол соғып, көзге түскен. Осыдан кейін ғана командаластары оған пас беріп, ойнай бастапты», - дейді Қайрат Боранбаев.

«Қайрат» командасының президенті сөзін жалғай отырып, Дастан Сәтпаевтың Алматыда 18 жасына дейін қалатынын айтты.

«Челси» оған жеке бапкер жіберіп, арнайы бағдарлама бойынша дайындалады. Яғни, осы екі жылда олар Дастанды дайындайды. Ол бапкер Қазақстанда «Қайраттың» базасында өмір сүреді. Оның дамуын қадағалап, жаттығуын бақылауда ұстайды. 18 жасқа толған соң «Челсиге» толықтай дайын болып баруы керек. Егер мүмкіндік болып жатса, Дастан одан да ертерек кетуі мүмкін», - дейді «Қайрат» клубының президенті.

Серіктес жаңалықтары