Димаш Құдайберген қытайлық әншімен ерекше музыкалық қойылым ұсынды (ВИДЕО)
Онда екеуі екі елдің мәдениетін үндестірген
Қытайдың BRTV телеарнасында «最美中轴线 Singing for the Central Axis of Beijing» жобасының жаңа шығарылымы эфирге шықты. Бағдарламада Димаш Құдайберген мен қытайлық әнші Гун Линна екі халықтың мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық қойылым ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy dimashnews.com-ға сілтеме жасап.
«Бағдарлама 2024 жылдың соңында түсірілді. Өнер иелері Пекиннің Жер ғибадатханасы мен Чжэнъичи опера театрына барып, тарихи орындарды аралады. Бағдарламаның финалында Димаш пен Гун Линна қазақ және қытай халықтарының мәдениетін бейнелейтін вокалдық эксперимент жасады. Олар қос тілде «Қараторғай» және «Феникс» әндерін орындап, екі халықтың аңыз-әфсаналарын біріктірді», — делінген хабарламада.
Өнерпаздардың қойылымы қазақтың қобызымен, қытайдың шэн (губа органы) және тангу барабанының сүйемелдеуімен орындалды. Әндер арқылы қос елдің тарихы мен мифтік кейіпкерлері сипатталды.
«Фэн Хуан» – қытай мифологиясындағы құстар патшасы. Аңыз бойынша, ол бейбітшілік пен молшылықтың белгісі, жерге қонса, жақсылық пен береке алып келеді деп сенген.
Қазақ халқының дәстүрлі әні «Қараторғай» сырттай қарағанда торғайға арналғандай көрінеді. Алайда әнде ақын әрі әнші Ақан серінің сүйікті қыраны – бүркіті туралы айтылады.