$ 495.28  538.32  5.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ер адам көшеде кетіп бара жатқан 14 жастағы баланы өлтіріп, бес адамды жаралады

Шабуылшы оқиға кезінде «Аллаху Акбар» деп айқайлаған

Ер адам көшеде кетіп бара жатқан 14 жастағы баланы өлтіріп, бес адамды жаралады
Фото: BILD

Австрияның Филлах қаласында ер адам 14 жастағы жасөспірімді пышақтап өлтіріп, тағы бес адамды жаралады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BILD-ке сілтеме жасап.

«15 ақпан күні болған шабуылдың салдарынан бір жасөспірім көз жұмды, ал екі адам ауыр жарақат алды. Қалған үш адамға медициналық көмек көрсетілді. Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, шабуылшы оқиға кезінде «Аллаху Акбар» деп айқайлаған», — деп жазады басылым.

БАҚ  жариялаған фотода күдікті Ахмад Г. есімді Сириядан шыққан азаматтың күліп отырғаны байқалады. Ол радикалды исламистік топтармен байланысты символиканы көрсеткен.

Австрияның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Алайда әзірге шабуыл террористік акт ретінде ресми мойындалған жоқ.

Куәгерлер бұл жағдайды «қорқынышты фильмнің көрінісі» деп атады. Kleine Zeitungбасылымына сұхбат берген бір адам шабуылды өз көзімен көргенін айтты.

«Бәрі бірден болды. Бір ер адам көліктен шықты, адамдар жан-жаққа қаша бастады. Біздің қызметкеріміз мекеменің есігін жауып, қонақтарды ішке кіргізді», — деді ол.

Серіктес жаңалықтары