16.02.2025, 15:26
Жаңалықтар
Алматы зообағы басқа қалаға көшіріле ме? Әкімдік жауап берді
Бұған дейін зообақтың басқа қалаға көшірілетіні туралы ақпарат тараған еді
Фото: instagram.com/almatyzoo
Алматы қаласының мәдениет басқармасы зообақтың қазіргі орнында қала беретінін және оның басқа қалаға көшірілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, зообақты қайта жаңарту және халықаралық стандарттарға сай модернизациялау жоспарланған.
«Алматы қаласының аумақтық даму жоспарына сәйкес, зообақты зоогеографиялық қағидаттарға сай жаңғырту және қайта құру көзделген. Қайта құру жұмыстары 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылады», – делінген басқарма хабарламасында.
Ресми мәліметке сәйкес, алдағы жаңарту жұмыстары жануарлардың өмір сүру жағдайын жақсартып, келушілер үшін ыңғайлы әрі тартымды орта қалыптастыруға бағытталған.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 07:18
Астанада көктайғақ, Алматыда қар: үш күнге арналған ауа райы болжамы
15.11.2026, 08:51
Қазақстанда балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынғаны рас па? Министрлік жауап берді
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
