14.02.2025, 22:29
Жаңалықтар
Меккеге алып барамын: алаяқ компанияларға алданбас үшін не істеу керек
Полиция алаяқтықпен айналысатын компаниялар туралы айтты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Ішкі істер министрлігі Мекке мен Мединаға, сол сияқты әлемнің басқа да елдеріне саяхаттар кезде алаяқ компаниялардан сақ болу керектігін ескертті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, қасиетті сапарды ұйымдастыруда сенімді компанияны таңдау маңызды. Алаяқтардың айласына түсіп, ақшадан айырылып қалмас үшін мынадай сақтық шараларын ұстану қажет:
- Фирманың лицензиясын және ол туралы пікірлерді тексеріңіз. Мұндай сапарларды ұйымдастырумен айналысатын ресми туристік фирмалардың мемлекеттік лицензиясы болуы керек. Клиенттердің пікірлерін зерттеңіз. Туроператорлар әр туристке туркод ұсынуы тиіс.
- Тым төмен бағаға қызығып, алданып қалмаңыз. Егер сізді төмен бағамен қызықтырса, асықпаңыз, мұндай ұсыныстар көбінесе алаяқтықпен байланысты болуы мүмкін. Түрлі турфирмалардың бағаларын салыстырып, олардың нарықтық бағаға сәйкестігін анықтап алғаныңыз жөн.
- Құжаттар мен келісімшартты тексеріңіз. Барлық келісімшартты мұқият оқып шығыңыз. Әрбір тармаққа жіті назар аударыңыз, бұл келеңсіз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Егер сізге бір нәрсе түсініксіз болса, маманмен кеңесуді ұмытпаңыз.
- Байланыс деректеріне назар аударыңыз. Сенімді турфирманың әрқашан байланыс телефоны, электронды поштасы және нақты мекенжайы болады. Алаяқтар көбінесе байланыс деректерін көрсетпей, виртуалды парақшалардың артында жасырынуы мүмкін.
- Тур бағдарламасын мұқият зерделеңіз. Турдың құнына не кіретінін анықтаңыз (ұшу, тұрғын үй, көлік, тамақтану, медициналық сақтандыру және басқа қызметтер).
- Барлық қажетті шығындардың ескерілгеніне және кездейсоқ төлемдердің болмайтынына көз жеткізіңіз.
Көп оқылған
21.07.2026, 15:34
Аргентина құрамасын әлем чемпионаттарынан мәңгіге шеттетуді 23 млн адам талап етті
21.07.2026, 15:46
«Әскерде командирім зорлады»: Threads-те аянышты жазба жариялап, ақша жинаған жас жігіт сотталып кетті (ВИДЕО)
21.07.2026, 17:43
«Қураған шөпті тұтатпақ болған»: Семейде алты жасар бала аулада тұрған көлікті өртеп жіберді
21.07.2026, 16:29
Атырауда қолжуғыштан жылан шықты: видео желіде қызу талқыланып жатыр
21.07.2026, 17:15
Астанада жүк көлігі жеті көлікті соғып, аударылып қалды (ВИДЕО)