«Тыңдаудың өзі ұят екен»: танымал блогер қалай жүкті болғанын айтамын деп сынға ұшырады (ВИДЕО)
Ол жылдап сәби күтетіндер туралы да айтып өтті

Танымал блогер Мерей Әбілова қалай жүкті болғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Блогер сөз басында жүктілікке қатысты алғашқы тестті Дубайда жүргенде жасағанын айтты.
«Дубайда бір айдай болдық. Екеуіміз көрейік (ред. – жүктілік тест) деп едік. Біріншісінде болмады. Тестті Dubai Mall-жасағанмын ғой. Сол кезде уақыты (ред. – менструация) кешігіп жатты. Содан үміттеніп қалғанбыз. Бірақ болмапты. Өзі біртүрлі болып қалдым. Жылдап сәби күтетіндер бар.
Содан жарайды деп Мальдив аралдарына бардық. Ол жақта оңайырақ әрі жылдам болады дей ме. Сондай бар екен. Содан сол жақта болып, үйге қайттық. Елге келгенде тексеруден өтер кезде уақыты (ред. – менструация) кешігіп жатты. Дәрігер мүмкін аяғыңыз ауыр шығар дейді. Содан бір-екі аптадан соң жүктілік бойынша тест жасап көрдім. Бірақ тағы көрсеткен жоқ. Арада бір-екі күн өткенде тағы жасап едім, әлсіз көрінетін жолақша пайда болды», - дейді Мерей Әбілова.
Блогердің бұл пікірі желі қолданушыларының көңілінен шыққан жоқ.
«Осы айтқанын халық болып тыңдап отырмыз ба?», «Мерейді осыншама төмен деп ойламаппын», «Бұл жеке тақырып қой. Оны неге әңгімелеп беріп отыр?», «Қалай жасадыңдар, соны да айта салмадың ба?», «Тыңдаудың өзі ұят екен», - деп жазды желі қолданушылары.