$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Баламды ұрып, тұншықтырған»: Алматыда балабақшадағы оқиға туралы бүлдіршіннің анасы мәлімдеме жасады

Оқиға 12 ақпан күні Алматыдағы балабақшалардың бірінде болған

«Баламды ұрып, тұншықтырған»: Алматыда балабақшадағы оқиға туралы бүлдіршіннің анасы мәлімдеме жасады
Фото: Видеодан скрин

Алматыдағы балабақшадан шу шықты. Балабақшаға келген бүлдіршінді тәрбиешінің қайта-қайта тұншықтырып, қинағаны туралы видео жарияланды. Сәбидің анасы бұл оқиға бірнеше күн болғаны туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға осыдан екі күн бұрын Алматыдағы «Ahlyak» балабақшасында болған.

«12.02.25 балам балабақшадан келгенде «Мама апай мені ұрды, жұлқылады былай» деп қолымен қалай болғанын көрсетіп айтты, шыны керек қатты мән бермедім, ойладым олай жасамайды ғой деп. Келесі күні тағы 13.02.2025 балам «Мама мені апай тұншықтырды» деп тағы да айтқасын, баламнын көздерінен бірнәрсенің дұрыс емес екенін түсіндім, балам қорқып тұрды қатты. Бірден әкесі екеуіміз балабақшаға бардық.

Негізі балам ешқашан өтірік айтпайды мені ұрды деп, сондықтан толықтай сенімді болдым. Не болғанын сұрап, камераны көрсетуін талап еттік, басында камера істемейді деп ұзақ көрсетпеуге тырысты. Полиция шақырамыз дегенде ғана қорыққаннан камераны көрсетті. Камераны көріп шок болдым. Тек екі күнін көрдік екі күнде де балам қалай айтты дәл солай, одан да қатты болған», - дейді баланың анасы.

Айтуынша, баласының балабақшаға барған күндерінің бәрін қарамақ. Видеода баланы қайта-қайта тұншықтырып, мойнын қысып, аузы мен мұрнын жауып тұрғаны байқалады.

«Ең қорқыныштысы, ар жағында екі апайдың көріп отырып, тамақ іше бергендері. Балам қиналып көмек сұрап жатса да! Баламды бір емес, екі емес қайта қайта тұншықтырып, осындай әрекет жасап отырғанда психикалық түрде ауытқуы бар ма деп қалдық.

Видеоны соңына дейін көрсеңіздер, баламды қинап, ұрып, тұншықтырып алып, апайларының бәрі ешнәрсе болмағандай, тамақ ішуге отырды. Олар үшін осылай жасау норма болып тұр ғой. Осы кезде мен апайына жаздым «жақындап қалдым, қазір алып кетемін» деп. Сол кезде тоқтаған, баланы дайындаған тыныштандырып. Ал мен келмесем не болады?

Камерада екі күнде екі түрлі апай ұрған баламды, қалған апайлары көріп тұрсада отыра бергені мені мазалап тұр. Арыз екі апайына және балабақша атына жазылды. Лицензиясынан айырылсын! Қатал жазалануын сұраймын заң жүзінде. Сол үшін ресми түрде жариялап отырмын. Тағы бір видео бар, оны да саламын. Басқа күндерде не болғанын тағы көреміз. Бұл садикке кішкентай қызымда барады, оны да түгел тексереміз», - деп анасы сөзін аяқтады.

Серіктес жаңалықтары