14.02.2025, 17:24
Жаңалықтар
«Әкемнің жаназасы шыққан күні ұлым дүние есігін ашты»: әнші Ернар Айдар жан сырын ақтарды
Ол баласына Жаңабек деп ат қойған
Фото: әншінің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
Танымал әнші Ернар Айдар желтоқсан айында әкесі өмірден өтіп, оның жаназасы күні ұлы дүниеге келгенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші өміріндегі ең ауыр сәт пен ең бақытты шақтардың бірі жүрегінде қандай сезім қалдырғанын айтқан.
«Әкемнің қазасы өте ауыр тиді. Әкемнің жаназасы өтетін күні таңертең ұлым дүниеге келді. Біз әкемізді түсте ақтық сапарға шығарып салдық. Осылайша, әкем Айдарұлы Жаңабайдың немересі Ернарұлы Жаңабек дүниеге келді. Не қайғырарымды, не қуанарымды білмей, есеңгіредім. Осы кезде «қайғы мен қуаныш қатар жүреді» деген сөздің мағынасын терең түсіндім», – деп жазды Ернар Айдар.
Желідегі оқырмандары әншіге қолдау білдіріп, жылы лебіздерін арнады.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Бүгін, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды