13.02.2025, 22:43
Жаңалықтар
Қарағанды облысының трассаларында жүздеген көлік кептеліп қалған
Қарағанды облысының трассаларында жүздеген көлік кептеліп қалған
Фото: Telegram/Patriot
Қарағанды облысының трассаларында боран соғып, жолдар жабылып жатыр. Боран салдарынан трассаларда екі жүзге тарта көлік кептеліп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының Ақмола облысының шекарасы, Теміртау ақы алу пунктінде және «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының учаскесінде Қарағанды – Павлодар облысы шекарасындағы жолдар жабылған.
Patriot Telegram арнасының мәліметінше, мынандай көліктер кептелісте тұрып қалған:
- Жүк көлігі – 113 бірлік техника, 166 адам.
- Жеңіл көлік – 98 бірлік техника, 177 адам.
- Қоғамдық көлік – 2 автобус, 28 адам (Шымкент-Астана: 26 адам, оның ішінде екі бала; Алматы-Астана 2 адам).
Айта кетейік, бүгін боранға байланысты Астанадан шығаберіс тасжолдар жабылып қалған болатын.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді